Ал, Меган Маркл шығармашылығын баяғыда шетке ысырса да, жеке басы жетістіктерге жетуде! Гарри ханзаданың жұбайын, әйгілі Vogue журналы - «Британияның ең беделді әйелі» деп таныды.
Кеше ғана ақ келін атанған Меганға, дәл осылай енесі - патшайым Елизаветаны ықпалы жағынан басып озуға тура келді. Себебі, бұл тізімге тек 22 мен 73 жас аралығындағы әйелдер іріктеліп алынған.
Сондай-ақ, Vogue-тың таңдаулылар тізімінен - дизайнер Стелла Маккартинидің де есімі де табылды. Алайда сәнгер, бірінші орынды өзі емес, ұлыбритания ханшайымы еншілегеніне дән риза.
Стелла Маккартини, дизайнер:
-Маган Марклы өнерде жүрсе де, отау құрып, әйел бақытытына бөленген жан ретінде сыйлаймын.
Қалың көпшіліктің пікірінше, Джордж Клунидің асыл жары – заңгер Амаль Клуни, әнші Дуа Липа да абыройы артқан әйел атануға лайықты.
Дәл осылай Vogue-тың тізіміне 25 әйел таңдалып алыныпты. Олардың барлығы - сән, саясат, өнер мен спорт сынды түрлі салада еңбек етіп, елінің елеулісі болған жандар.