Омарова неге бала тәрбиесін екінші орынға ығыстырды?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы 10 жылын отбасына арнаған Зарина Омарова, қазір перзенттеріне уақыт таппай жүр. Шығармашылыққа белсене кіріскен бикеш үшін, ұл-қызымен жиі жүздесу қиынға соғуда. Бал тәрбиесін шетке ығыстырған әншінің көздегені не?!

Балалар мерекесінде Зарина бар уақытын ұл-қызына арнады. Бұл отбасы әр сенбі сайын серуендейді екен. Бірақ, демалыс күні тосыннан түсетін ұсыныстарда болады.

Зарина Омарова, әнші:

-Енді, менде кешке жақын концерт болса, күндіз концерт болса, әрине жексенбіге қалдырамыз. Соңғы кезде, кейінгі жылы жан-жақты болып кету маған да оңай болып жатқан жоқ. Бірақ, әйел болғасын барлығына тырысу керек деп ойлаймын.

Заринаның тұңғышы Әлижан 4 сыныпты тәмамдаса, қызы Жасмин алты жаста. Жұлдызды ана мен отағасы, балаларының болашақ мамандығын бүгіннен таңдап қойыпты.

Зарина Омарова, әнші:

-Папасы физматты бітірген. Сол себепті, баласы да соның артынан жүретін шығар. Ал енді кішкентай қызым - Жасмин... Қызым сондай кішкене артистичная кішкене өзі. Мамасы сияқты... Актриса боламын дейді.

Жұмысы тығыз кестеге түзілген «Асылдық» Ғалия, аптаның алғашқы күндері ұлының қасында болса, жұма мен жексенбінің аралығында Әлиярды мүлдем көрмейді екен.

Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының әншісі:

-Ол кезде менің ата-анам бар, ата-енем бар және де күйеуім бар. Кейде баланы сол кісілер қарап жатады. Сол күндері.

Ал, анасы әнсапардан оралғанда, кішкентай бүлдіршіннің көңілін аулау оңайға түспейді.

Ғалия Мұратова, «Асыл» тобының әншісі:

-Кейде бір 3-4 күнге гастрөлге кетсек, баламызды алып кетуге барған кезде сөйлеспей қояды, қарамай қояды. Бұртиып қалады. Бірақ, тез қайтып кетеді, бала ғой енді. Екіден енді асқан Әлияр, әзірден музыкаға деген бейімділігін байқатып жүр.