Айқын Төлепбергеннің тұңғышының фотосын желіге жүктелді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Балаларының жүзін жасырып келген Айқынның құпиясын, Эрик Тастембеков ашты. Мына фотодағы әншінің тұңғышы - Аңсар! Әкесінен аумай қалған балақайды желіге жүктеген продюсер, санаулы сағаттардан кейін суретті өшіріп үлгеріпті.

Айқынның экс-продюсері Эриктің, бүлдіршіннің фотосын инстаграм парақшасына салып, елді елең еткізгені бар. Әкесінің аузынан түсіп қалғандай ұл, өнерге құштар екен. Өйткені, домбыра – жас өреннің серігіне айналған.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Ұлым енді бір кездері әнші боламын деді, бір кездері Майкл Джексон боламын деді. Қазір енді полиция боламын деп жүр.

Ал, жасқа толмаған кіші ұлын желіге жиі жүктейтін Дастан, көз бен сөзден қорықпайды. Оразбековтер әулетінің мұрагері - «Ордалық» әншінің көшірмесі іспетті.

Дастан Оразбеков, әнші:

-«Ұқсамасаң тумағыр» - дейді ғой. Сондықтан да, келіншегіме рахмет. Өзімнен айнытпай туып берді. Сондықтан да, менен бақытты әке жоқ шығар деп ойлаймын.

Азамат Сатыбалдының атұстары ержеткен. 13-ке келген жасөспірім, ата-анасының жолын қууды қалайтын көрінеді. Әкесінен аумай қалған Сұлтан, мектебіндегі белсенді балалардың бірі екен.

Азамат Сатыбалды, актер, продюсер:

- Өткенде мектебінде КВН ойнап жүр екен. Сахнаға шыққанын көріп қалдым. Былай сахнаға тән сияқты. Бойы бар, түрі бар. Ал кәсіп таңдау өзіне байланысты.

Сейфуллин Жолбарысқа ұлының ұқсағаны былай тұрсын, бүгінде әкесі мен баласының бойы да бірдей. 15 жастағы Бейбарыс үшін өнер - жүрек қалауы.

Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор:

-Ол қай профессияда, қай кәсіпте жұмыс жасасын, орнын тапқан бала – бақытты бала!