Танымал сәнбике Кендалл Дженнердің өмірі де кино секілді! Ол енді жаңа сүйіктісімен ел көзіне ілінді. Талай жігіттің арманына айналған сылқымның жүрегін, 21 жасар басткетболшы – Бен Симсонс жаулаған деседі. Кендалдың қалауы тек спортшыларға түсетіні неліктен?!
Кардашьяндар әулетінде, өзінің жеке өмірін құпия ұстауды жөн көретіндердің бірі - Кендалл Дженнер. Алайда сәнбикенің кезекті ғашығы- Бен Симмонспен қарым-қатынастары дүйім жұртқа мәлім болған. 21 жасар австралиялық баскетболшы, Кендаллға бірден ұнаған екен. Сылқымның экс-сүйіктісі Блейк Гриффин де спорт әлемінің жұлдызы еді. Жалпы тек атлеттерге деген қызығушылығын, ол кездейсоқтыққа балайды.
***
Кэтрин Зета-Джонс, өзінің 17 жасар ұлын көрсетті. Актрисаның Дилан Дуглас есімді тұңғышы, табынушыларының жүрегін бірден жаулаған. Балалары өнерден алшақ болғанын қалайтын актриса, Диланды жанкүйерлерімен таныстыруды құп көріпті. Жұлдыздың тартымды ұлын байқаған фолловерлері, оның да анасы сияқты актерлық өнерді таңдайтынынан үмітті. Бозбала әзірге келешек жоспары жайлы тіс жарған жоқ!
***
Америкалық соул-орындаушы – SZA-ның, музыкалық мансабымен біржола қош айтысуы мүмкін. Әнші дауыс желбезегінде пайда болған қиындықтарға байланысты, жақын уақытта сахнаға оралмайды. Тіпті өнер иесі, соңғы мамыр айына жоспарланған, жеке ән кешін де өткізе алмаған. Дәрігерлердің жіті бақылауына ілінген жұлдыз, енді шабытын қайдан іздейтінін білмей қиналып жүрген көрінеді.