«Хан Соло.Жұлдызды шайқас.Шежіре» үмітті ақтамады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көпшілік тағатсыздана күткен «Хан Соло. Жұлдызды шайқас. Шежіре» картинасының кассалық табысы, туынды авторларының үмітін ақтамаған сыңайлы. Бұл фильмді тамашалауға, Қазақстандық көрермен де бірнеше миллионын сарп еткен.. Отандық прокаттың бұл аптадағы үздіктері кім?

***

«Дэдпул 2» картинасы, өткен уик-эндте тапқан 60 млн-ға жуық пайдасымен, әлі де көш басында. Болашақтан келген жаңа кейіпкер Кейблдің ролі, «Кек алушылардағы» зұлым кейіпкер Таносты сомдаған Джош Бролинге бұйырған. Әзілқой каһарманның шытырман хикаясы, біраз уақыт осы көрсеткішін сақтап қалатын секілді.

***

Ал «Хан Соло. Жұлдызды шайқас. Шежіре» лентасы 32 млн теңгеден аса қаржымен екінші сатыда. Картина алғашқы аптасында әлемдік прокаттан небәрі 65 млн доллар жинаған. Мұндай төмен көрсеткіш – бәсекелестікте. Себебі, Хан Соло Марвелдің «Дэдпул-2» және «Кек алушылармен» кинотеатрларда қатар жүруде. Дегенмен, жоба авторлары, кеткен шығын ақталар деген үмітте.

***

Ал, «Бастаңғыға жол жоқ» комедиясы, 17 млн теңгедей табысқа кенеліп, үздік үштікке ілінді. Фильм, мектеп бітіруші құрбылардың хикаясын суреттейді. Қыздарының түлектер кешіне құрған жоспарына, ата-аналары алаңдаулы. Кэй Кэнонның картинасы, әлі де көрерменді жалықтырмайтыны анық.