Ксения Собчак авторлық еткен картина жарық көрмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак, өз әкесі жайлы фильм таспалады. Кезіндегі Санкт-Петербор қаласының губернаторы болған, Анатолий Собчактың өмірі баяндалған картина, жуырда кинотеатрларға жол тарпақ! Бұдан өзге, маусым айында, қандай кино туындыларды көре аласыздар?!

***

7-ші маусымнан бастап, көременге жол тартатын «Мен ең сұлумын» атты комедиялық туындыда танымал актрисалар: Эми Шумер мен Мишель Уильямс басты кейіпкерлерді сомдайды. Картинаны, АҚШ пен Қытай елі бірігіп түсірген. Арықтаудың қамымен талай қадамға баратын құрбылардың хикаясын, киносүйер қауымның 93-пайызы асыға тосуда.

***

Ресейдің бүгінгі саясатына білек сыбана кіріскен, тележүргізуші, әрі актриса Ксения Собчак, өзінің марқұм әкесі жайлы таспалаған фильмін ұсынбақ. «Собчактің ісі» деп аталатын тың туындыда - Анатолий Собчак сынды қайраткердің кәсіби мансабы мен адами болмысы баяндалады. Картина 2017 жылдың мамыр айынан бері, түсіріле бастаған. Енді биографиялық өнімді, қызығушылар 12-ші маусымнан бастап үлкен экрандардан көре алады.

***

Сандра Буллоктың кезекті туындысы - «Оушеннің 8 құрбысы» деп аталады. Басты кейіпкер Дэбби, ағасы- Дэнни Оушен сияқты ұрлыққа құмар жан. Ауқымды тонау ісіне 5 жылдан астам уақыт дайындалған Дэбби, құрбыларының көмегіне жүгінбек. Картинада сонымен қатар Кейт Бланшетт, Рианна және Энн Хэтуэй сынды танымал жұлдыздар бой көрсеткен. Көптен күткен туынды, маусым айының 21-ші жұлдызында жарық көрмек.