Ол 1984 жылдан бері балаларға арналған телехикая форматында, 19-маусым бойы үзбей көрсетілген екен. Енді, жаңадан таспаланған анимациялық туындының трейлері таныстырылды.
Ағылшындық әкелі-балалы жазушылар Уилберт пен Кристофер Одридің еңбегі, енді «Томас және достары! Ұлы Әлем! Үлкен Хикаялар!» атымен 2018 жылдың күзінде көрерменге ұсынылады. Оңтүстік Америка, Африка және Қытай елдеріне аттанатын басты кейіпер - отарба, өз достарымен сан қызықты оқиғаны бастан кешірмек.