Ұшқын Жамалбек «Мұзбалақ» анимациялық туындыға саундтрек жазып жатыр. Адам мен бүркіттің достығын суреттейтін мультфильм жайлы сәлден кейін айтамыз!
Саундтрек жазуда ұшқыр Ұшқын Жамалбек болса, тағы бір туындыны қолға алған. Бұл жолы «Алашұлы» тобының экс-әншісі, анимациялық жобаға жанын сала кірісіпті. «Мұзбалақ» атты туынды құсбегілік өнер жайын сөз етпек...
Мұзбалақ – отандық киноөндірістегі толықметрлі анимациялық картина. Аталмыш фильмде адам баласы мен бүркіттің адал достығы суреттеледі.
Ұшқын Жамалбек, әнші, композитор:
Қазақ даласының еркіндігі. Қазақ даласының кеңдігі. Содан кейін қазақ бүркітті өзіне балайды. Қыран тектес елміз дейді. Бұл туындыға төрт саундтрек арнайы жазылыпты. Бір фильмді бірнеше әуенмен әрлеу – шет елдіктердің тәжірбиесінен дейді музыкант. Ал, бүгінгі бейнебаян негізгісі болмақ.
Ұшқын Жамалбек, әнші, композитор:
Жалпы әлемдік киноларды көріп жатсақ, әуенмен, әнмен бейнелеу бұл етек алу керек. Екіншіден жаңағы әуен адамның есінде қалады. Киноны көргісі келеді. Сондықтан, біз көп саундтрек жазуға бел шешіп кірістік деп айтсам да болады. Ұшқын тапсырыспен ән жазатын сазгерлер санатынан емес! Саундтректің сәтті шығуына, өзі меңгерген актер мамандығының көмегі орасан зор!
Ұшқын Жамалбек, әнші, композитор:
Актер мамандығы болғаннан кейін, мен киноны көрген кезде жай көрмеймін де. Актерлық жағы, сценарийі қалай болды. Ол адамға қалай адамға әсер етеді. Соның барлығын жік-жігімен көріп отыруға тырысамын. Сол кезде маған әуендер туады да! Ұшқын Жамалбек осы уақытқа дейін, 10-ға жуық картиналарға саундтрек жазған. Әрі орындаушысы да өзі. Жүрек қалауындағы кәсібінен түсетін табысы да, көңіл қуантарлықтай екен.
Ұшқын Жамалбек, әнші, композитор:
Жүрек қалауың сенің экономикалық жағдайыңды көтеріп тұрса, ол міндетті түрде сенің ары қарай құлшына түсуіңе жол болады да! «Мұзбалақ» мультфильмі күз мезгілінде отандық прокатқа жол тартады.