Әли Оқапов, атын заңсыз қолданған алаяқтарды қалай жазаламақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, соңғы кездері Әли мен тыңдармандарының арасында түсініспеушілік жиі болып жүр. Өйткені Оқаповтың суреті бар афиша ілінгенімен, әнші концертке келмейтін көрінеді. Ал, табынушылары тағатсыздана күткен кештен, Әлидің өзі тіптен бейхабар! Неге?!

Әли Оқапов, әнші:

-Біздің рұқсатымызсыз-ақ концертке, афишаға қоса береді. Біз содан кейін концерт өтіп кеткеннен кейін ғана, кейбір интернет қолданушылар бізге жазады. Сіз қайда болдыңыз? Сіз үшін келіп едік, жоқ екенсіз...

Мұндай жағдай Әлиді талай мәрте тығырыққа тіреген. Алғашқыда, Оқаповтың командасы ұйымдастырушылардың бұл құйтырқы ісіне, көз жұма қарап келген. Ал, соңғы уақытта жанкүйерлері жалған ақпаратқа алданып қалмас үшін, желі арқылы жедел хабарлауды әдетке айналдырыпты.

Әли Оқапов, әнші:

-Достар, осы концертке мені шақырған жоқ. Сіз көрген ақпараттың бәрі жалған, өтірік дегендей... Кешірім сұраймын. Бірақ, барлық сұрақтарды ұйымдастырушыларға қойсаңыздар деп...Неге біз сол ұйымдастырушылар өтірігіне, өз ықпалымызды тигізіп, оны қолдауымыз керек. Ол дұрыс емес.

Жанкүйлерлерінің алдында жайсыз жағдайға қалып, жапа шеккен жұлдыздардың қатарында Айгүл Иманбаева да бар. Өнер иесі, өрескел заң бұзғандарды, тиісті жауапқа тартуды қолдайды.

Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:

-Өнерпаздардың бір заң жүзінде сауатсыздығының, кесірінен болатын сияқты. Егер, осының барлығын заң жүзінде қарап, қолға алатын болсақ, меніңше ұйымдастырушыларда ешқайда кетпейтін сияқты.

Ал, заңгерлер, бұл ұйымдастырушылардан кеткен ағаттық дейді. Тіпті, құқық бұзған компанияның үстінен шағымданып, өтемақы талап ету керектігін де ескертеді.