Жеңісханға ағасы Сәкен Майғазивтің «жолы жұғысты болсын» дейміз. «Музарт» тобының әншісі, таяуда ғана төртінші рет әке атанған болатын. Қызына есім таңдауда халықтың көмегіне жүгінген өнер иесі, қандай тоқтамға келді? Сәбиді перзентханадан шығарып алу рәсіміне Серікқазы Аязбаев барып қайтқан еді.
Майғазиевтің жұбайы мен дүние есігін ашқан сәбиін перзентханадан шығарып алуға, әншінің ет-жақындары мен әріптестері бас қосты. Ана мен кішкентай ханшайымның хал-жағдайы жақсы. Бөбектің есімі - Сәфия Сәкенқызы.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
- Сәфия деген есімге тоқтадық. Ол енді ислам әлемінде өте керемет орын алатын есім. «Саф» деген біздің қазақта «саф алтын», таза, мөлдір деген мағынаны береді, салмақ -3,300 келі, бойы - 50 сантиметр.
Сәкен жанұясындағы жағымды жаңалықты түзде жүріп естіпті. Жұбайының толғағы таяғанда, өнер иесі туған жеріне іс-сапарлатып кеткен. Ал, көпшіліктен бірінші болып сүйінші сұраған - Кенжебек Жанбәліов екен. Кенжебек Жанәбілов, «Музарт» тобының әншісі:
-Сол жерде анасы бар, бәріміз дастарханда отырған кезде сондай бір жақсы жаңалық келді. Содан құттықтау басталды. Менің әлеуметтік желіге салғанымды көрген шығар елдер. Сүйінші сұрап салғанмын.
Ал, Сәкеннің соңынан ерген інілері, «Музарттық» әншінің – өз музасына көрсеткен құрметіне дән риза! Сондықтан, романтик ағасының әр қылығына қызыға қарайтындарын да жасырмайды.
Ғабит Бибасыұлы, «Меломен» тобының әншісі:
-Әлі күнге дейін қызбен жігіттей кәдімгідей. Көшеде де мысалы қонақтан бірге қайтқан кезде. Ағам кәдімгідей қысылмай қолынан ұстап алады. Сондай тұстары маған ұнайды да!
Бір ұлы мен үш қыздың ата-анасы атанған жұп, төрт баламен тоқтап қалмайтындарын айтады. Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
-Көп баланың әкесі атануды нәсіп етсін дейміз. Жылай берсін, әдемі ғой, әр шаңырақта осындай сәбидің іңгәлаған дауысы, шыға берсін деген тілек айтам!