Кеше ғана Канн фестивалінен келген Сәнжар Мәди, енді «Кинотаврдың» қызыл кілемінен табылды. Жұмысы тығыз кестеге түзілген актер, Сочиде кезекті «Не Чужие» картинасын таныстырмақ.
Вера Глаголеваның ең соңғы лентасында, Санжарға басты рөлдердің бірі бұйырған. Онда актер екі әйелге бірдей ғашық болған, еңбекші-мигранттың образын сомдаған.
Ал, Кинотавр фестивалі 1991 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Күллі Ресейлік бомонд бас қосқан шараның алғашқы күні, отандасымыздан өзге Ксения Собчак, Федор Бондарчук, Дмитрий Дюжев сынды танымалдар төбе көрсеткен болатын.