Ал, Канье Уэсттің қазақстандық әріптестерін жанкүйерлері жан-жақтан жазғыруда. Көпшілікке демалысқа аттанған жұлдыздардың, ашық-шашық образдары жақпай жатқан көрінеді. Алайда, өнер өкілдері бұған еш мән берер емес...
Жағажай киімдерін арқалап, саяхатқа аттанғандардың бірі – Луина. Әнші, көптен күткен демалысын ойдағыдай өткізу үшін, Мысыр елін таңдаған. Пирамидаға әлі бармаса да, Қызыл теңіздің өзі өнерпаздың көңілінен шығып жатқандай.
Ал, Луина үшін уақытының қызықсыз өтуі мүмкін емес. Себебі, әнші шетелдегі сапарына актриса Анара Батырханды ерте барған еді. Күнге қыздырынған қос құрбы, әр сәтін естен кетпес етуге барынша тырысуда.
Демалыстағы арулар келешекте Дастан Оразбековпен бірге түскен сурет жүктеп
жатса, еш таңқалмаңыз. Себебі, сері де Қызыл теңіз жағалауында қыздырынып, суына шомылып бір сергіп алуды жөн санапты. Алайда, өнерпаз жора-жолдасымен емес, ет жақындарымен қыдыруды құп көрген.
Бір апта бұрын саяхатқа аттанған Динара Сәтжан болса, әлі де демалыста. Тіпті, Түркияда тұрақтаған тележүргізуші, қайта-қайта қонақүй ауыстырып үлгеруде.