Крис Браун, экс-сүйіктісі Рианнаны өзіне қайтармақ ниетте!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық әнші Крис Браун, экс-ғашығы Рианнаны қайтаруды көздеп жүр екен. Себебі Рири, күні кеше миллиардер сүйіктісімен қош айтысыпты. Мүмкіндікті қалт жібермейтін Крис, әнші қыздан кешірім сұрап та үлгерген..

Крис Браун тіпті, әнші қыздың инстаграм парақшасына қайта жазылған. Рианнаның басы босағанын көп күткендей болған Крис, оны бірден кездесуге шақырмақ ниетте екен. Экс-ғашықтар 2009 жылы, үлкен даудан кейн, бір-бірімен ат құйрығын үзіскен еді. Бұл жұптың қайта қосылуы уақыт еншісінде болғанымен, Риридің табынушылары бұған түбегейлі қарсы көрінеді.

Риз Уизерспун «Блондинка в законе» картинасының жалғасын түсірмек. Актриса, фильмнің басты кейіпкері әрі продюсері. Туынды алғаш рет, 2001 жылы жарық көрген. Риздің айтуынша комедия, өз көрермендерін сағындырғаны анық. Егіз аққұба қыздың мектеп қабырғасынан басталған оқиғасы, есейген шақтағы өмірлерімен жалғасын таппақ.

Күні кеше YE атты жаңа альбомын ұсынған Канье, жарты сағаттың ішінде сатылымнан, 500 мың АҚШ долларына кенелген. Бұл жаңалықты естіген рэпердің өзі, қатты таңырқап, өз рекордын жаңартқанына шексіз қуануда. Әнжинаққа музыканттың жеті трегі кірген болатын!