Динара Сатжан өзінің әріптесімен көңіл жарастырғаны рас па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Динара Сатжанның бүгінгі мерекесі – жақындарымен өткізіп жатқан демалысы. Жаз басталмай жатып Түркияға аттанған тележүргізушіні, біреулер жаңа сүйіктісімен қыдырып жүр деседі.

Сән апталығынан кейін, бірден Динара Сатжан жақындарымен Түркия еліне аттанды. Өзінің әріптесі Наиль Байкучуковпен бірге демалып жүрген тележүргізуші сынға ұшырауда. Алайда, Динараның жақын досына айналған дизайнер, табынушыларын сабырға шақырды. Себебі, қос әріптесті жұмыс бабы мен достық қарым-қатынас қана байланыстырады.

Ерке Есмахан да ұлы Мүсіліммен кезекті демалыста. Дубай жаққа жиі саяхаттайтын әншінің, Араб Әмірлігіне барып тынығуды жаны сүйеді. Киносын түсіріп, жаңа бейнебаянын таспалаған соң, енді қыдыруға да еңбегім сіңді деген өнерлі бикештің, жақын арада елге оралу жоспарында да жоқ сияқты.

Ал, Жұлдыз Өмірғал Мысыр еліне барып, дем алып қайтты. Ол әлемнің жеті кереметінің бірі орналасқан – Шарм-эль-Шейх қалашығын жөн көріпті. Әншінің, жазды күтіп жатпай-ақ, ыстық аралға аттануында себеп бар. Ол алдағы той маусымында жақсылап тер төгуге бекінген сыңайлы.