Жанар Дұғалованың вокалдық қабілетіне ешкімнің таласы болмаса да, бикештің композиторлық қыры күмән тудырып жатыр. Осы уақытқа дейін, ол өзін орындаушы және сазгер ретінде де жаздырып жүр. Дегенмен, оның авторлық әндерінің жарыққа шығуына, Әли Оқаповтың қосқан үлесі зор көрінеді.
Жанарға «Turkvision-2014» байқауында бас жүлде сыйлаған «Ізін көрем» әнінің мәтіні - Ринат Зайытовтікі болса, әуенінің авторы - әншінің өзі деп жазылған. Алайда, танымал туындының қосалқы композиторы - Әли Оқапов!
Әли Оқапов, әнші, композитор:
-Ең танымал әрі сәтті шыққан әндерін, біз бірігіп жаздық деп ойлаймын. Яғни, «Ізін көрем» әнін біз бірге жаздық. «Айта берсін» әнін біз бірге жаздық.
Бір қызығы, қос өнер иесінің арасында көпшілікке беймәлім шығармашылық келісімшарт бар екен. Сондықтан, Әлидің аты аталуы міндет емес!
Әли Оқапов, әнші, композитор:
-Екеуара келісім бойынша. Мысалы мен ешқашан Жанардың әндеріне жағаласпағанмын. Мені де жаз, менің де үлесім бар деп мысалға.
Ал, екі әншінің әріптестігі былай жүзеге асады... Алдымен шабыт әуесқой сазгер Жанарға келгенімен, әуенді дер кезінде күйсандыққа түсіріп, гормониясын жазу жұмысы - кәсіби музыкант Оқаповтың мойнына жүктеледі екен.
Әли Оқапов, әнші, композитор:
-Өздері аспаппен ойнамаса да, дегенмен ойында бар. Құлағы естіп тұрады. Өзі ойнай алмайды. Содан кейін саған түсіндіреді. Көрсетші, дәл осы жерді қалай ойнауға болады деп. Сен нұсқауларды көрсеткенді, осы-осы деп бекітеді.
Сазгерлермен сәтті серіктес бола білетін Жанар, ақындармен тез тіл табыса алмайтын көрінеді.
Құрманай Бақтиярқызы, ақын:
-Жанар меніңше өзі ғана түсінетін сияқты. Сол үшін оған ақындармен жұмыс істеу қиын болып, өзі ақын болып кетіп жатады.
Айтпақшы, Жанар таяуда тағы бір туындысына клип түсірмек. Желіге жүктелмеген әннің әуені мен сөзін жазған автордың аты-жөні әзірге белгісіз!