Бала күніңіздегі аналарыңыз киген киімдер естеріңізде ме? Олай болса, сол образдар қайтадан сәнге айналмақ! Отандық AiSho бренді су жаңа топтамасының лукбугын ұсынды.
Апалы-сіңлілі Айман және Шолпан есімді қос дизайнерге, ескі суреттер мен балалық шақтың жарқын естеліктері, шалқар шабыт сыйлған! Ертеректегі әжелеріміз бен аналарымыздың гардеробын еске түсіретін топтама: пальто, алтын түймелі белдемше мен мақпал маталы көйлектерден құралған.
Ал, бұл стиль арулардың көңілінен шығып жатқандай. Себебі, бүгіннің өзінде сән қуған сан сылқым, тіпті талай отандық жұлдыз, қос дизайнердің туындысын меншіктеп үлгерген!