Ал, жақында жарық көрген Райан Рейнолдьстің «Дэдпул-2» картинасы алғашқы аптада-ақ үздік шықты. Бұл фильм, тіпті «Кек алушылар» лентасының рекордын жаңартпақ ниетте. Әзілқой қаһарман жайлы туынды отандық прокатта, қанша миллион жинап үлгерді?!
Алғашқы аптада-ақ, «Дэдпул-2» блокбастері 540 млн теңгеден аса қаржымен, бірінші орынға шықты. Актер Райан Рейнолдьс пен режиссер Тим Миллердің, қарым-қатынасының бұзылуы кесірінен, жобаға Дэвид Литч басшылық еткен екен. Көмекке зәру жандарға, әрдайым қол ұшын беруге әзір каһарманның оқиғасы, көрерменге ұнап жатқаны анық.
***
Ал екінші сатыға, 30 млн теңге пайдамен «Кек алушылар» картинасы жайғасты. Марвел студиясының 19 франшиза бойынша, 60-тан аса басты кейіпкері бар екен. Бір жобада тоғысқан каһармандардың тағдыры туралы туынды, отандық прокаттан жалпы 800 млн теңгеге жуық қаржыны қоржынына салып үлгерген.
***
«Шетте қалған» комедиясы, 13 млн-ға жуық табыс тауып, үздік үштікке енді. Картина 1987 жылы жарық көрген, Гэрри Маршаллдың туындысына негізделген. Қызқұмар, әрі дөрекі миллионер Леонардоның басына түскен оқыс оқиғаны, өз орайына пайдаланатын Кейт жайындағы фильм, біраз уақытқа дейін үшінші орынды сақтап қалмақ ниетте.