Ксения Собчак Алматыға арнайы тапсырмамен келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ксения Собчак Алматыда! Ресейлік танымал тележүргізуші, бүгінгі қоғамдағы «ҰЯТ» түсінігін талдайды. 15-ші Еуразиялық Медиа Форум аясында сөз сөйлеген ол, одан өзге қандай мәселелерді тілге тиек етті?

Саясат пен журналистика майталмандарының басын қосқан шараның, соңғы күні таласқа толы болды. Меймандардың қызу талқысына түскен - «Қоғамдағы құндылықтардың өзгеруі» тақырыбы еді.

Ал, пікір алмасу майданында Ксения Собчак басты спикерге айналғандай. Қоғамдағы «Ұят» түсінігін талдауға кіріскен тележүргізуші, өзінің мінсіз еместігін алға тартты.

Ксения Собчак,тележүргізуші:

-Өзімді кемшіліксіз адам ретінде санамаймын, және де дәл менің істегенімді, өзгелерге қайтала деп те айтпаймын. Алайда, барынша қоғамға зардабымды тигізбеуге тырысамын.

15-ші Еуразиялық Медиа Форумда, күллі Голливудты дүр сілкіндірген Харви Вайнштейн оқиғасы да тілге тиек болды. «Оскар» жүлдесіне үміткер, режиссер Евгений Афинеевский киносаласында зорлық-зомбылықтың әлі де өршіп тұрғанын айтса, Собчак қоғамдағы мұндай келеңсіздікпен күресуге шақырды.

Ксения Собчак, тележүргізуші:

-Вайнштейн оқиғасы әрбірімізге сабақ болуы тиіс. Егер сенің айтарың болса, ел пікірінен қорықпастан бар шындықты әйгілі ету керек. Дәл солай ғана, өзгелердің өмірін құтқарып қала аламыз.

Ал, сөз соңын танымал тележүргізуші «Әлемді өзгерткіміз келсе, ең алдымен өзімізден бастауымыз керек» деген тұщымды оймен аяқтады. Қатысушылар, әр адам қоғам бөлшегі ретінде, өзгелерге жаман үлгі көрсетпеуі тиіс деп тарқасты.