Қазақстандық футболшыларды рухтандырудың тың тәсілі табылғандай. Бұл жолы спортшылардың жасыл алаңда атой салуына, өнерпаздар қауымы да үлес қоспақ. «85 Карат» деп аталатын музыкалық ұжым, отандық аяқ доп шеберлеріне арнап әнұран жазған.
«85 КАРАТ» - кәсіби музыканттардан құралған лайф-бэнд! Тек жанды дауыста өнер көрсететін ұжымның жетекшісі - Алмаз Ақылбеков. Әнші жігіт таяуда ғана «Футбол» атты су жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Тың туынды 2018-ші жылы Ресейде өтетін әлем кубогіне орай таспаланыпты.
Алмаз Ақылбеков, «85 Carat» тобының әншісі:
-Стадионда бір болып көрдім, билетпен шақырған кезде. Сонда тойдың әндерін қойып қояды да. Ешқандай бір, ұран шақыратын өлең жоқ. Сол себептен, осы футбол туралы түсірейінші деген ой келді. Сол мақсатпен біз түсірдік. Және де стадионда қанша адам бар, қанша тыңдармандар болады. Тез таралудың бір жолы!
Алғашқыда, бұл бейнебаянға тек «Қайрат» командасының ойыншыларын түсіру көзделген. Алайда, уақыт өте жаңа видеоның басты кейіпкерлері ретінде - әуесқой футболшылар таңдалыпты.
Алмаз Ақылбеков, «85 Carat» тобының әншісі:
-Кәдімгі өзіміздің қарапайым балалар бар ғой. Көшеде жақсы ойнап жүрген. Солардың барлығының басын жинадым да, орысы бар, қазағы бар, басқа ұлты да бар. Солай тректік клип түсірдік. Алмаздың айтуынша, бұл трек әнұранға лайықты.
Алмаз Ақылбеков, «85 Carat» тобының әншісі:
-Сөзі де, әні де, ырғағы да бәрі келісімді. Егер де әнұран болып жатса неге келіспеске? Әнұран болу керек. Мен сол үшін жаздым ғой!
«85 Карат» тобы рухты әндерді дүниеге әкелуде енді тоқталмақ емес. Ұжымның келесі клипінде, Геннадий Головкиннің шаршы алаңдағы шеберлігі суреттелмек!