Зейн Малик неліктен күйзелісте жүр?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«One Direction» тобының экс-солисі Зейн Малик те жеке орындаушы ретінде, өзінің екінші бейнебаянын ұсынды. Тыңдарманы, музыканттың жаңа әні мұңға толы екенін бірден түсініп, жарысып талқылауда. Сері, соңғы кездері не себептен қайғырып жүр?

Зейн Малик өз табынушыларын «Entertainer» атты жаңа туындысымен қуантты. Бейнебаянда түнгі клубтағы биші қызға ғашық жігіттің хикаясы сипатталған. Бұл туынды әнші үшін ерекше екен. Себебі, соңғы уақытта күйзелісте жүрген сері, осы трекпен жан дүниесінің үнін жеткізген. Драмалық сарындағы музыкалық туынды, Зейннің кезекті альбомына да кірмек.

***

Эштон Катчер болса, соңғы кездері жаңа рөлдерімен қуантуды қойған. Алайда, актер жеке бизнеспен қоса, қайырымдылықпен айналысып жүрген көрінеді. Ол күні кеше жабайы аңдарды қорғау фондына, 4 млн доллар сыйға тартты. Жұлдыздың айтуынша, көмекке зәру жан-жануарларды барынша қолдау, әрбір адамның асыл парызы.

***

Актер Крис Прэтт болса, «Юрск дәуірінің саябағы 2» картинасының үлкен премьерасы алдында, әлем елдерінде жекелей тұсаукесер жасауға аттанды. Ол іссапарын, актриса Брайс Даллас Ховардпен бірге, Испания елінің астанасынан бастаған. Мадридте төселген қызыл кілем бойымен жүріп өткен өнер иелері, фильмнің алғашқы көрермендерінің оң бағасын алды. Ал, аталмыш лента, маусым айының 7-сінен бастап үлкен экрандарда.