Түркі тілдес халықтардың ұлттық спорттық ойыны көкпар жайлы таспаланып жатқан туындының реежиссеры – Руслан Акун.
Ол Тәуекел Мүсілім басты рөлдің бірін сомдаған, «Ананы іздеу» картинасымен, біздің көрермендердің жүрегін жаулаған еді. Режиссер өзінің кезекті жобасына да, қазақстандық актерлерді шақыруды жөн санаған.
Асылхан мен Гүлназ басты рөлді сомдайтын жаңа картина экшн жанрында болмақ. Жоба авторлары бұл туындыны Қазақстан мен Қырғыз жерінде түсіруді жоспарлап отырған көрінеді.