Ал күні кеше Ұлыбританияда өткен дүбірлі тойға келген қонақтар тізімінде Бекхэмдер отбасымен қоса, Элтон Джон және Том Харди сынды танымалдар да бар. Тіпті Гарри ханзаданың бұрынғы сүйіктілері де, айтулы қуанышқа ат басын бұрған. Сылқымдардың көздегені не?
Патшалық әулеттің тойына 2500-дей мәртебелі мейман келген. Олардың арасында Гарри ханзаданың экс-ғашықтары Челси Дэви мен Крессида Бонас та жүр. Челси сұлу, тақ мұрагерімен 6 жылдық қарым-қатынастан кейін қош айтысқан. Ал 2 жыл бірге болған Крессидаға, арнайы шақырту бұйырыпты. Гарри серімен енді досқа айналған сұлулар, құрдастарының шаңырақ көтеру қуанышын ұзақ күткендерін айтады.
***
Талай арудың арманына айналған Дрейк, өзінің сүйіктісін қалың жұртқа таныстырды. Өнер иесі өткен жылдан бері Малайка Тери есімді сәнбикемен қарым-қатынаста көрінеді. Тіпті сүйіктісін анасымен жүздестіріп те үлгерген екен. 22 жасар Канадалық ару сән әлеміне жаңадан қадам басқан. Ал рэпердің, келешекте Малайкамен отау құру жоспарында бар деседі.
***
Ал әнші The Weekend, Time журналына берген сұхбатында, өзінің экс-ғашығы Селена Гомеске арнаған альбомы жайлы айтты. Музыкант, тіпті бұрынғы сүйіктісіне жазған үнтаспасын, жарыққа әлі шығармаған екен. «Upbeat» деп аталатын әнжинақ біл жыл бұрын тыңдармандарына жол тартуы тиіс еді.