Қазақ халқы бүгін Батырын еске алса, әлемдік күнтізбеде 18 -ші мамыр - мұражай күні екен! Әдетте, салтанатты кештер мен той-томалақта жиі бой көрсететін жұлдыздар қауымы, музейге мүлдем бас сұқпайтын болып шықты.
Қазақ өнерінің өкілдері, мұражайға уақыт бөлуде сараңдық танытатындарын өздері де мойындайды. Алматы музейінде өтетін «Жұлдызы гид» жобасында, алып шаһардың тарихынан бейхабар екендерін, кей өнер иелері анық байқататты.
Сәкен Майғазие, «Музарт» тобының әншісі:
-Мысалға ең алғашқы альпинисті білмедім, біздің биік шыңды бағындырған.
Аян Өтепберген, актер:
-Шынымды айтайын мына музейге бірінші рет келіп тұрмын. Жиі барамын деп алдамай-ақ қояйын.
Әли Оқапов, әнші:
-Көптеген нәрселерді білмейді екенмін шынымен де. Маған сұрақ қойғанда, бірде-бір рет жауап бере алмадым деп айтуға болады. Енді тарих сондай нәрсе. Бірін білсең, бірін білмейсің.
Десек те, қол қусырып отырудың қажеті жоқ. Жұлдыздар мұражай келушілерінің санын арттыру үшін, жарнаманың түрлі тәсілдерін қолдануды құптайды.
Гүлназ Жоланова, актриса:
-Насихаттау... Менің ше бірінші әлеуметтік желі. Себебі бәріміз қазір сол әлеуметтік желі де отырамыз.
Асан Мәжит, актер:
-Бар жаңалықтың барлығын, осы әлеуметтік желі арқылы біліп отырамыз. Инстаграмы бар, анау-мынауы бар. Сондықтан да, жастарды осы нәрсемен баулу керек сияқты.
Ал, Мөлдір Әуелбекованың шәкірттері отандық кәсіби режиссерлардың көмегіне жүгінгенді жөн деп біледі.
«Назар» тобы:
-Музей туралы фильмдер түсіруге болады. Мысалы, «Ночь в музее» деген фильм бар ғой. Бәріміз білетін. Сол секілді қазақтың тарихына байланысты, қазақша фильм түсірсе деп ойлаймыз. Ол да бір насихаттың түрі!
Мұражайды дәріптеу жолында түрлі ұсыныстар айтылды. Ендігі мақсат, жібі түзу жоспарды, ойдағыдай жүзеге асыру!