Меган Фокс күйеуінің көзіне шөп салып жүр ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ең сұлу актриса Меган Фокс, жұбайы Брайан Остин Гринмен отау құрғандарына 8 жылдан асты. Бірақ, соңғы кездері олар ажырасады деген қауесет те тараған еді. Оған себеп, Меганның түсірілім алаңында әріптесімен көңіл жарастыруы деседі.

Меган Фокс «Иттей ойла» картинасындағы әріптесі Джош Дюамельмен, өмірде де көңіл жарастырған көрінеді. Түсірілім алаңында табысып, кейін ғашық болды дескен бұл актерлер, «Трансформеры» картинасында да бірге ойнаған Ал, Брайан, өз жары Меганның адалдығына еш күмәні жоқ!

***

One Direction тобының солисі Лиам Пейн баласының анасы Шерил Коулға үйленбейтінін мәлімдеді. Өнер иесі соңғы берген сұхбатында, отбасын құру мен үшін маңызды емес деп ағынан жарылған. Шаңырақ көтеруге асықпайтын музыкант, тек шығармашығын уайымдайтын көрінеді. Лиамға сүйіктіммен заңды некесіз де бақыттымын дейді.

***

Ал, жақында ана атанған Хлои Кардашьян, өзіне опасыздық жасаған ғашығын, қайта кешіргеніне енді өкініп жүр. Себебі, кішкентай Трудің әкесі - Тристан Томпсон, үйреншікті серілігін қайта бастапты. Өзіме адал емес жанның ісіне көз жұму, маған қиын болды деген Хлои, тек қызының бақытын ойлайтын көрінеді.