Туған күніңмен Батыр! Бүгін Шүкенов тірі болса 56 жасқа толар еді. Алайда, өнерпаз өмірден озса да, оның есімі ел есінен ұмытылмақ емес. Әншінің құрметіне, туған жері Қызылорда қаласында «Отан-Ана» байқауы өтті.
Батырхан Шүкеновтың рухына бағышталған, «Отан-ана» конкурсына қатысуға ниет білдіргендер көп болды. Үміткерге қойылатын басты талап - әншінің репертуарындағы кез-келген туындыны шырқай білу.
Олжас Байқанов, Б.Шүкенов қорының директоры:
-Қазылар құрамында Дильназ Ахмадиева, Ринат Гайсин, Рүстем Нұржігіт сынды танымал адамдар. Жүзге жуық адаманың арасынан ең үздік 25-ін таңдап алдық.
Ал, сол 25-тің ішнен оза шапқан орындаушы - Ерік Төленов.
Сондай-ақ, Шүкеновтың туған жерінде, әншінің құрметіне мүсін қойылды. Айтулы сәтте, Қызылордаға Байғали Серкебаевтың өзі ұшып келген болатын.
Ұйымдастырушылар дәл осылай, Батырдың есімін ел жадында мәңгіге қалдыруға ниетті. Аққан жұлдыздай жарқ етіп, мезгілсіз дүниеден өткен өнерпаздың әр басқан ізі - бүгінде құнды тарих! Әншінің өмірден озғанына 3 жыл толса да, Ұлы дала талантын әріптестері туған күнімен әлі де құттықтайды!
Иә, жалғанмен мәңгілікке қош айтысқанымен, Батырхан өнер өлкесінен кетпейтіні анық.