Күн өткен сайын «Рензо» фанаттарының саны азайып барады. Жанүйерлердің кемуіне, топтың экс-әншісі Ертаевтың үлесі бар деседі. Бүгінде, тыңдармандардың бір тобы төрттікті қолдаса, екінші тарап бойзбендтің бұрынғы мүшесі Жанболаттың жағында екен.
«Рензо» кейбір рензиктерге ренжулі! Өйткені, топ тыңдармандарының басым бөлігі, Жанболатты қолдайтын көрінеді. Бүгінде жігіттер бір ұжымда өнер көрсетпесе де, бойзбендтің экс-мүшесімен байланыс баяғыдай.
«Renzo» тобы:
-Қарым-қатынас өте жақсы. Оның өз жұмыстары, біздің жұмыстарымыз бар. Балалардың барлығымен сәлемі түзу Жанболаттың. Жанболатқа сәлем егер көріп тұрсаң, өзіңмен бірге алып кеткен «рензиктерді» қайтар десең, иә!
Ал, жанкүйерлердің жік-жікке бөлінуіне, Жанболаттың тосыннан топтан кетуі себеп болса керек...
«Renzo» тобы:
-Енді, жанкүйерлерге қиын болған секілді оның кеткені. Өйткені оны ешкім күтпеді. Бірақ қазір үйреніп кетті. Жанболат та ешқайда жоқ болып кеткен жоқ. Өзінің өнерін жасап жатыр!
Жанболаттың орнын Дәулет есімді өнерпаз басты. Ол аздаған уақыт ішінде топтағы тыныс-тіршілікке тез сіңісіп кеткен сыңайлы.
«Renzo» тобы:
-Иә, Дәулетке үйрендік. Жақында бейнебаян түсірген болатынбыз. Сол жақта да небір сынақтар болды. Бірге өттік сол сынақтардан. Бәрі жақсы, үйрендік!
Дәулет Өзбеков – Тараз қаласының тумасы. Бүгінде «би өнері» мамандығы бойынша білім алуда. Топтың кенжесі колледжден кейін, «эстрада вокал» факультетінде шеберлігін шыңдауды көздеп отыр.
«Renzo» тобы:
-Жасым 18-де! Осы Алматы қаласындағы Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің 3-ші курс студентімін. Алла қаласа биыл тәмамдаймын. Енді жоғары оқу орынына түсу ойымда бар.
Айтпақшы, жаңа құраммен жасақталған бойзбенд бейнебаян таспалап үлгерген. Тың туындының тұсауы, таяуда өтетін топтың туған күнінде кесіледі.