«Кешью» гелзбендінің құрамында өзгеріс. «Хайп сыйлаймақ» болған сылқымдардың қатарынан, енді Элизатты көрмейсіздер. Атышулы ұжыммен қоштасқан арудың, бұл шешімге келуіне не түркі болды? Топтың келешектегі тағдыры қалай өрбімек?
Элизаттың «Кешьюден» кеткені әшкереленді. Бірақ, атышулы ұжымда ән салған ару, топтағы экс-әріптестерінің қылығын еш қайталамаймын деп, сендірген еді.
Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының экс-әншісі:
-Көбісі мысалы контракты бітірмей кетіп жатады. Мысалы, Баян Мақсатқызын көбінесе ренжітіп қояды. Сондықтан басқалардың ізіне кетпей, Баян Мақсатқызының еңбегін ақтап, жазған контракты аяқтап, кім біледі ертең не болатынын. Мен білмеймін ғой. Бірақ ойым сондай...
Келісімшарты әлі 3 жылға дейін жарамды Элизаттың, гелзбендтегі жұмысын тоқтатуына не түркі болды? Әлде әнші қыз ет-жақындарының өтінішін орындайын деді ме?
Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының экс-әншісі:
-Қызым-ау, қашан тұрмысқа шығасың? Сенің тойыңа барғымыз келеді. Көбінесе туысқандарымыз айтып жатады.
Берікованың бұл қадамына, махаббат машақаты себеп болуы мүмкін.
Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:
-Элизат, Элизаттың басы бос емес.
Ал, Кешьюдің музыкалық жетекшісі Бағым, бір сұхбатында топтағы қыздардың тосын-сыйына әбден тойғанын айтқан еді.
Бағым Мұхитденова, музыкалық продюсер:
-Шынымды айтсам, мен әрдайым ұрысқақ әрі «Көкбет Баголя тәте» болудан шаршадым. Бір өкініштісі, қыздардың тұрмысқа шығатынын немесе жүкті екенін ең соңында біз естиміз.
Бірақ «Кешьюдің» жұмысы тоқтаған жоқ. Үштікке Жұлдыз қайта оралды!
Баян Алагөзова, продюсер:
-Менімен жұмыс істеген уақыт ішінде, бірде-бір сөз естімеген әрі артық әңгімеден ада - сол Жұлдыз ғана. Өте жақсы қыз! Маңдайына жазғаны сол болар, кезінде қоштасуға тура келді. Бірақ, алдағы уақытта біздің жобаларға шақырып, бірге жұмыс жасаймыз деген ойдамын.
Ұзынқұлақтан естуімізше, Өмірғали ұжымда уақытша өнер көрсетеді. Бүгінде Баян басқаратын орталық, Балжан мен Назымның жанына жас қыздарды іріктеп, «Кешьюдің» жаңа құрамын жасақтамақ көрінеді.