Ал, Айнұр Ілиясова жұмысының көптігінен, отбасылық өмірге уақыт таба алмай жүр! Актрисаның бұл сөзін естіген соң, Әсем Нұрсейітова бастаған жұлдызды аналар, бәріне бірдей үлгерудің өзіндік құпиясымен бөлісті. Сонымен, танымалдардың айтар кеңесі қандай?
Айнұр Ілиясова ана бақытына бөленген аруларды Бөпе Фейр фестиваліне жинады. Қоғамдық шараларға білек сыбана кіріскен актриса, жұмысының көптігінен үй шаруасына үлгере алмай жүр екен.
Айнұр Ілиясова, актриса:
Шынымды айтсам, көп қой үйдің жұмысы. Үлгермеймін! Шынымды айтсам ештеңеге үлгермеймін.Бұл үшін көп көмекшілерің керек, үйде де, түзде де.
Ал, жұлдызды келіннің бұл қылығына енесі түсіністікпен қарайды. Бүгінде, театр сахнасының талай өнерпазын тәрбиелеп отырған Айнұрдың екінші анасы, Ілиясоваға шығармашылық жолда да өз ақылын аямайды екен.
Айнұр Ілиясова, актриса:
Мастерстводан да көмектеседі ол кісі. Қызыма да қарап, үйде де көмектеседі ол кісі. Кейде маған неше түрлі тамақтар алып келеді.
Енесіне еркелеп жүрген Айнұрға, құрбысы Әсем барлық іске қалай үлгерудің құпиясын айтты.
Асем Нұрсейітова, диазайнер:
Ертең кешке мысалы мына жерге баруым керек, ол жақтан мына жаққа баруым керек деген жоспар құрам күнделікті. Осының арқасында барлығына үлгеруге болады деп ойлаймын.
Жуырда ғана үшінші мәрте ана атанған Аиша да, шығармашылық пен отбасылық парызын қатар алып жүрген жан ретінде ақылын аямады.
Аиша, әнші:
Екі ұлым болғанда ешқандай көмекшіге жүгінбеп едім. Алайда, қиындықтар көп болды. Сондықтан да, барлығын қатар алып жүргің келсе, көмекшілерге жүгінген жөн.
Ал, құрбыларының кеңесі Айнұрға қажет-ақ. Уақыты тапшы актриса, енді балалар мюзиклін таспалауға қызу дайындыққа кіріскен.