Күні кеше, Бүркіт әлеуметтік желіде «бүгінгінің балалары бұрынғыға мүлде ұқсамайды» - деп, өз пікірін қалдырған еді. Жазба жарияланғаны сол-ақ еді, оның өнердегі әріптестері әншімен келіспейтінін айтты. Мәселен, Арман мен Аша тәрбие беруде қазақылықты қолдайтындар қатарынан екен.
Қазақстан аруы, танымал сәнқой Айдай Исаеваның бүгінде үш жасар атұстарын тәрбиелеп отырған жайы бар. Жас ана, ұлының елге сыйлы азамат болып өсуі үшін, тек қана қаталдық таныту аздық ететінін алға тартады.
Айдай Исаева, сәнқой:
-Әр бала, әрқалай өседі. Мысалы, ген бар немесе өзіне қатысты мінез- құлықпен бала туылады. Сол кезде, Алланың жаратылысымен, сол кезде баланың ыңғайына қарай, менің ойымша тәрбие беру керек деп ойлаймын.
Айдайдың құрбысы, шоумен Арыстан Мырзагереев асыл жары – Айгерім де бұл пікірмен толықтай келіседі. Бүлдіршіндердің тәрбиесіне қатысты, талай кітаптарды оқып тауысқан ол, түбі бір тоқтамға келген:
Айгерім Мырзагереева, сәнқой:
-Баласын тыңдай білу керек. Баланы қайтсе де бірнәрсе жасап қинай алмайсың. Ол баланы тыңдай білу керек, дер кезінде талантын байқау керек. Сол талантына байланысты, дамытып дұрыс бағдар беру керек.
Ал, Арман мен Аша тәрбиенің бүл түрін жөн көрмейді. Бүркіт сөз еткен «қазіргінің балаларына» қайран қалып жүрген жайлары да бар.
Арман Қоңырбаев, әнші:
-Жаман деп айтпай-ақ қояйын барлығын. Бірақ әрине, бұрынғы тәрбие жақсырақ болды, біздің әке-шешеміз, біздің ата-апаларымыз жақсы тәрбие берген. Енді, ұрпақ сайын шетелдің еуропаның еліктеуімен өзгеріп жатыр, ұмытылып жатыр біздің өзіміздің қазаққа тән нәрселер.
Сондықтан да, жұлдызды жұп бала тәрбиесіне келгенде қазақы салт-дәстүрге жүгінуге шақырады.