«91» тобындағы Баланың сүйіктісі ғой, «Найнти уандағы» Даниярдың қызы! Иә, Зируза сахнаға шыққанда желідегілердің жазбалары осы тектес еді. Бірақ, тынбай тер төккен әнші қыз, бұл пікірлерді өзгерте алды ма?! Айтпақшы, кью-поп бағытында ән салатын бұрымды, осыдан бір жыл бұрын кәсіби сахнаға қадам басқан болатын.
Зируза осыдан 12 ай бұрын, дәл осы күні ресми түрде дебютын жасады. Қостанайлық қарапайым қыздың талантына тәнті болған продюсер Ерлан Әлімов, әнші аруға бірлесе жұмыс істеуге өзі ұсыныс білдірген болатын. Жұртқа жарнамалау мақсатында, жаңа жобасының суретін желіге жүктегені сол еді, бұл бұрымдыны «Найнти уанның» фанаттары бірден тани қойды.
Иә, шоу-бизнеске дейін, «91» тобындағы Бала мен Зируза көңіл жарастырған деседі. Бүгінде, олар экс-ғашықтардың санатында...
Ерлан Әлімов, продюсер:
-Ешқандай арасында махаббат жоқ. Олар бір-бірімен кездеспейді. Кездеспейді де болашақта. Сондықтан, уайымдамаңыздар! Бала бос! Зирузаның өмірі жеке.
Ziruza, жас әнші:
-Өткен зат, өтті. Қазір барлығы жаңа парақтан демекші...
Аз уақыт ішінде, Зируза отандық телехикаялардың бірінде басты рөлді сомдап актрисалық қырын танытты. Ал әнші қыздың репертуарында 5 трек пен 3 бейнебаян бар. Дебюттік клипі «Айт енді» деп аталады!
Ziruza, әнші:
-«Айт енді» деген негізі махаббат туралы ғой. Қыздың жігітке деген сұрағы да, жауабы да. Айт енді дегендей... жігіт қызға өзінің сезімін айта алмай тұр. Сондықтан, қызықты қойылған ән...
Сондай-ақ, бір жылдың ішінде Зирузаның түрлі фан-клубтары құрылды. Әнші қыздың өнеріне табынушылар өздерін «Лойалз», яғни «адал жандар» деп атайды. Ал, ән әлеміндегі таңдаған бағыты - q-pop.
Ziruza, әнші:
-Олар қазір шет елдерді тыңдайды ғой. Сондықтан, шет елді тыңдамай, біздің қазақи өлеңдерді тек кью-поп бағытында тыңдасын деген оймен, мақсатпен кью-попты таңдадық...