Ким Кардашьян бала көтеруге денсаулығы жарамайтынын білсе де, үш баламен шектеліп қалмақ емес. Кенже қызы Чикаго, суррогат ананың көмегімен дүниеге келген еді. Голливудтық сылқым, енді төртінші сәбиді жоспарлап жүр.
Ким Кардашьян мен Канье Уэст көп балалы ата-ана атануды көздейді. Кенже қыздарын, Кимнің денсаулығына байланысты, суррогатты ананың көмегімен дүниеге алып келген еді. Жұлдыз, мұндай жағдайда биологиялық шешенің рөлі өте тиімді дейді. Енді, Чикагоны өмірге келтірген бикеш, олардың жоспарлап қойған төртінші баласын да құрсағында көтеріп жүруі мүмкін екен.
***
Ал, ресейлік рэпер Гуф, «A-Studio» тобының солисі Кети Топурияға өз сезімін ашық білдірді. Басында, жақын достық қарым-қатынаспен көзге түсіп жүрген өнер иелері, енді ғашық екендерін жасырмауға көшкен. Олар инстаграм парақшасында бір-біріне видео жолдап, махаббаттарын паш етті. Қос жұлдыздың бұл ісі табынушыларының оң бағасын алғандай.