Голливудтық жұлдыздар сұлулық әлеміне саудалайтын тауарлары арқылы да қалтасын толтырып жүреді. Мысалы, Рианна өзінің опа-далабынан, 1 айда 100 миллион доллар пайда тапқан деседі. Әншінің мұндай байлыққа кенелуінің құпиясы неде?
Рианна өзінің косметикалық топтамасын, 2016 жылдан бері сатылымға шығара бастаған. Поп орындаушы соңғы 40 күннің ішінде 100 миллион доллардан астам пайдаға кенеліпті. Оның аруларға арналған опа-далабының тиімді табыс көзіне айналуына, танымалдылығы да әсер етіп жатқаны сөзсіз. Тіпті, әнші кірісі бойынша, сәнбике Кайли Дженнердің алдын орап кеткен көрінеді.
***
Дэниел Крэйг болса, ең қымбат актерлардың біріне айналған. Оған танымалдылық әкелген Джеймс Бонд картинасы, жалғасын таппақ. Басында, бұл рөлден бас тартқан Крэйгке, жоба авторлары 25 млн доллар қаламақы ұсынған екен. «Өмірімнің соңына дейін осы кейіпкермен өтетін болдым», деп қалжыңдаған актер, ақыры қайта оралуға келісімін берген.
***
Әнші Ариане Гранде 2 жылдық қарым-қатынастан кейін сүйіктісімен айрылысты. Ол, Мак Миллер есімді музыкантпен 2016 жылдан бері көңіл жарастырып жүрген болатын. Қос ғашықтың арасын суытқан, тығыз жұмыс кесте екен. Жеке өмірінен бұрын, шығармашылығын ойлайтын өнерпаздардың, бүгінде «My Favorite Part» атты ортақ ән туындылары бар. Бұл жұлдызды жұптың бір-біріне жасаған соңғы тартуы деседі.