Канн кинофестивалінен табылған танымалдар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Францияда Канн кинобәйгесінің көркі қызуда. Белла Хадид бастаған бір топ сәнқой қызыл кілемнен табылса, Пенелопе Крусдың оларға қарайтындай шамасы жоқ. Себебі, актрисаның болашақ картинасымен басы қатып жүр.

Канн шаһарына ат басын бұрғандар қатары тек киногерлермен шектелмейді. Әйгілі фестивальдің қызыл кілемін, енді сән әлемінің ең танымал арулары да меншіктеді. Ирина Шейк пен Стелла Максвелл көпшіліктің ықыласын өздеріне аудартқаны сөзсіз.

Ал, сұлулардың басын қосқан – Кристоф Оноре. Сәнқойлар дәл осы режиссердің «Кешір періште» картинасының тұсаукесеріне келген еді.

Ал, Белла Хадид өзінің әріптестеріне қарағанда уақытын бекер өткізгісі келмегендей. Канн қаласына табан тіреген ол, арнайы кездесу ұйымдастырды.

Джиджи Хадид, сәнқой:

-Фестиваль аясында өнерпаздар бір-бірімен танысып, уақыттырын пайдалы өткізуде. Шара аясында мен де киногерлермен серіктестік қарым-қатынас орнатуды көздеймін.

Пенелопа Крустың сәнқойлардың образын сөз қылуға уақыты жоқ. Күні кеше өзі басты рөлді сомдаған картинамен фестиваль шымылдығын түрсе, бүгінде «355» атты триллерін таныстырды.

Пенелопа Крус, актриса:

-Менің рөлдерімде ұқсастық болмайды. Бір кейіпкердің мінезі, екінші картинада қайталанғанын қаламаймын. Сондықтан, әр лентаға барымды салуға тырысамын.

«Ұлы Гетсби» картинасының жұлдызы - Кэ́ри Ма́ллиганның да ұсынары бар. Дарынды актриса кинобәйгеге «Жабайы табиғат» драмасын ала келген.