«Дэдпул» картинасының тұсаукесерін жер шарының әр түкпірінде жекелей өткізіп жүрген, актер Райан Рейнольдс, енді Оңтүстік Кореяда. Ол Сеул қаласындағы қызыл кілемнен табылып, жиылған жұрттың көзайымы болды. Әзілқой қаһарман жайлы хикаяны біз қашан көре аламыз?!
«Дэдпул-2» картинасын кинотеатрлардан күтіп жүргендер жетерлік. Үлкен премьера алдында, әлем елдерінде жекелей тұсаукесерлер жасап жүрген, Райан Рейнольдс Оңтүстік Кореяға да келген. Сеул қаласында табынушыларын қызыл кілемге жинаған актер, фильмнің қызықты сәттерімен бөлісіп, туындыны тамашалауға шақырды. Ал, аталмыш лентаны отандық көрермен, мамыр айының 17-сінен бастап көре алады.
***
Канье Уэст пен Ким Кардашьян болса, қызымызға дұрыс есім таңдамадық деп дал болуда. Жұлдызды жұп, бастапқыда үшінші сәбилерінің атын «Джо» деп қоюға шешім қабылдаған көрінеді. Кардашьяндар әулетінің әжесі - Мэри Джомен ұқсас болсын деген ниетте. Алайда, қыз бала үшін ерсі естіледі деп, «Чикаго» қойған. Бөбекке қаланың атын телуін, ата-анасы осы шаһарға деген алғысы екенін айтады. Себебі, Чикаго рэперге алғаш танымалдылық алып келген жер екен!
***
Әлемге танымал Дуа Липа мен Келвин Харрис, «One kiss» деп аталатын әнге су жаңа бейнебаян ұсынды. Жұлдыздардың ортақ туындысы, түрлі-түстілігімен ерекшеленген. Жағалаудағы демалысты жұмақпен теңестіріп таспалаған бейнебаянда, әншілер өздері де бой көрсеткен. Осыдан бір ай бұрын жарыққа шыққан әннің авторлары, бұл трек жаздың үздік хиттерінің біріне айналады деген сенімде.