Дрэйк болса, Билборд чартының үздіктер көшін бастады. Алайда, санаулы күндерден кейін, рэпер өз орнынан айырылып қалуы бек мүмкін. Өнерпазға бәсеке болған қай орындаушы?
Жарық көргеніне екі апта болғанына қарамастан, Дрэйктің «Nice For What» трегі тыңдармандарының жүрегін жаулауда. Туынды, Билбордтың «ең үздік 100 әні» чартында бірінші орынды еншіледі.
Оған дейін Дрейктің «God's Plan» әні де көптің көңілінен шыққан еді. Бүгінде екінші орынға жайғасқан туынды, АҚШ-тан өзге Аустралия, Канада мен Ұлыбритания ән-шерулерінің көшін бастаған. Ал, Дрейк бұл бейнебаянды таспалау барысында 175 000 долларды Майами тұрғындарына таратқан болатын.
Танымал рэперге Bebe Rexha-ның «Meant to Be» туындысы бәсекелес болуы бек мүмкін. Өнерпаз ару бұған дейін Дэвид Геттамен ән шырқап, Эминем мен Рианаға арнап «Зе монстер» хитын жазған еді.
«Rockstar» трегімен ел есінде қалған Post Malone мен Билборд тізімінде. Алайда, бұл жолы әншінің «Psycho» туындысына кезек келгендей.
Тағы да Дрэйк! Танымал рэпер мен BlocBoy JB-дің дуэті бесінші орынға жайғасып, ел құлағын елеңдеткен туындылар қатарынан табылып отыр.