«Мстители. Война бесконечности» фильмі, әлемдік киносүйер қауым асыға күткен туындылардың бірі. Картинаның басты кейіпкерлері түгелдей, Лос-Анджелестегі тұсаукесер рәсімінен табылды. Қызыл кілем бойымен кербездене жүріп өткен олар, тың лентаның табысына аса сенімді секілді.
«Мстители. Война бесконечности» картинасының таныстырылымына, сиквелдің актерлық құрамы, тайлы-тұяғына дейін қалмай жиналған. Скарлетт Йохансон, кіші Роберт Дауни, Брэдли Купер, Вин Дизель, Элизабет Олсен сынды жұлдыздар қызы кілеммен жүріп өтіп, өзге қонақтарды да бір қуантты. Қаптаған фотокамералар олар үшін қалыпты дүние. Дегенмен, танымалдардың төрт көзін түгендеген салтанатты шарада олар өзін сенімді ұстады. Мамыр айында прокатқа шығатын лентаның табысына күмәндары жоқ секілді.
***
Күні кеше Кейт Миддлтон мен Уильям ханзаданың үшінші сәбиі дүние есігін ашқан еді. Ақсүйектер жанұясының кенжесі ұл бала. Ол перзентханадан шыға сала, анасының қолында тұрған сәтінде бірден папарацци нысанына ілігіп те үлгерді. Әзірге ата-анасы оған есім таңдап жатқанда, Елизвета 2-нің немересіне бұйыратын титулдар белгілі болды. Нәрестенің енді Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің және Солтүстік Ирландияның ханзадасы деген атағы бар.
***
35-жасар хоккейші Илья Ковальчук өзінің құны 110 мың доллар тұратын BMW X5 автокөлігін сатып, одан түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсады. Спортшы, белгілі ресейлік әзілкештер Тимур Батрутдинов және Гарик Харламовпен бірге, Алтай аумағындағы сырқат балаларға сыйлықтар тарту етіп, дәрі-дәрмектер жеткізген. Сонымен қатар, Илья ота жасауды қажет еткен Яков Любченко есімді бүлдіршіннің емделуінің бар шығынын мойнына алған.