Талай көрерменнің сүйікті картинасына айналған Гарри Поттер хикаясы, бұдан-былай театр сахнасында көрсетілімек. Ал, ерекше қойылымды елден бұрын кітап авторы мен голливудтық жұлдыздар тамашалап қайтқан екен. Олар өз әсерлерімен бөлісті.
Гарри Поттер хикаясының Бродвей театр сахнасынан көрсетілуін, жанкүйерлер асыға күтті. Тұсаукесерге жиналған поттермандардың қарасы мол. Олардың бірі қызыл кілемде төбе көрсеткен танымалдарды суретке түсірсе, екіншілері қолтаңба алып қалуға тырысты.
Ал, маңызды кешке ағылған меймандардың арасында басты жұлдыз - сөзсіз Джоан Роулинг.
Джоан Роулинг, «Гарри Поттер» кітабының авторы:
-Көрерменге алдын-ала не боларын айтып бергім келмейді. Бірақ, сахнада Гарри Поттер мүлде бөлек болмақ. Сондықтан да, театрға келіп өз көздерімен тамашалаған жөн болар.
Ерекше қойылымда Гарри Поттердің есейген шағы мен оның ұлының бастан кешкен хикаясы баян етілмек.
Сара Хайленд, актриса:
-Мен Гарри Поттермен бірге өстім. Кітабын оқыдым, барлық фильмдерін тамашаладым. Тіпті, бір емес бірнеше рет қайталап көрген кездерім де болған. Енді, міне қойылымын тамашалау бақыты бұйырды!
Ал, театр режиссерлары болса, бұдан-былай Поттер оқиғасын жиі сахналауды көздеп отыр.