Хлоя Морец пен Бруклин Бекхэмнің қатынастары қалай аяқталды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Хлоя Морец болса, қалыңдық көйлегін киюден үмітін үзді. Себебі, актриса өзіне опасыздық жасаған ғашығы Бруклин Бекхэммен, біржола айырылысуға шешім қабылдаған. 

Хлоя Морец, Бруклин Бекхэммен қарым-қатынастарын түбегейлі үзді. Актриса өзіне деген опасыздықа шыдамайтынын айтқан. Бұған Бруклиннің соңғы кездері сәнбикелермен көңіл жарастырып кеткені бірден бір себеп дейді Хлоя. Тіпті, сылқым шоғы сөнген махаббатының белгісі ретінде, ғашығының сыйлаған жүзігін де шешіп тастаған көрінеді. Енді, ару жаңа өмір бастауға шешім қабылдаған. 

***

Скарлетт Йоханссон Голливудтағы танымал актриса ғана емес, әнші атағына ие болуды да қалап жүр. Музыка әлеміне бет бұрған жұлдыз, Питт Йорнмен бірге жаңа альбом жазуда. Қос әнші «Bad Dreams» атты ортақ әндеріне бейнебаян ұсынды. Енді, актрисаның табынушылары фильмдерімен қоса, музыкалық туындыларын да асыға тосатын болмақ.

***

Канье Уэст, бірден бес үнтаспаны жарыққа шығаруға дайындық үстінде. Рэпер  Кид Кадимен бірлескен жобасын әзірлеуде. Бұл альбом, Кидтың тобына арнаған тартуы көрінеді. Бұдан өзге де Каньенің қолдауымен «Тейана Тейлор», «Pusha» және «Nas» атты бірнеше әнжинақ жаз айларында жарық көрмек.