Бүгінде, жас музыкалық ұжымдардың тарқап кетуі немесе бөлінуі қалыпты дәстүрге айналғандай. Осы үрдіске сай, екі жыл бұрын отандық шоу-бизнеске қадам басқан «BN» тобының да құрамы өзгерді. Бір топта ән салған бөлелердің, өзара тіл табыса алмауына не себеп болды?
Топтағы жұмысын тоқтатқан Альбиназ, осыдан бір ай бұрын ұжымдағы әріптестеріне өзі ұсыныс тастапты. Уақытының басым бөлігін шоу-бизнеске арнаған әнші қыздың, сабақ үлгерімі тым нашарлап кеткен көрінеді.
«BN» тобы:
-Альбина бізде 10 сыныпта мектеп оқушысы. Сол себепті алда ҰБТ келе жатыр. Бұйырса Альбиназ 1-2 жылдан кейін шет елге оқуға кету керек Англияға. Сондай шешім қабылдап жатыр. Сол себепті біздің Альбиназ толығымен оқуға кірісті.
Бұл бірінші себеп. Екіншіден, өнерпаздар арасында жиі болып тұратын күнделікті кикілжіңдерді тағы қосыңыз!
«BN» тобы:
-Ойбай, Альбиназбен біраз ұрысып, біраз татуласып...Кейбір кезде анадай қырсығып қаламыз да. Бір-бірімізбен бір-екі күн сөйлеспей қоямыз.
Альбиназ, Әлішер және Айдын! Жас өрендер өнерде әріптес, ал өмірде апалы-сіңілілердің балалары екен. Бөлелері топтан кеткен соң, бұл әнші қызды тағы бір қарындастары алмастырған.
«BN» тобы:
-Топ шыға салып біз туысқандар болып шықтық. Сондай жаңалық алып келіп, енді осындай ұстаныммен жүру керекпіз. Туысқандар болып.
Бұл бұрымды топтың жаңа әншісі – Ақниет! 16 жастағы бойжеткен бос уақытында музыкалық аспаптарда ойнағанды ұнатады екен. Бір қызығы, оқушы қызбен қоштасқан ұжымды, 11 сыныпта білім алатын ару толықтырған.
«BN» тобы:
-Бастапқыда жаңағы біраз ойланған болатынбыз. Ана-анамызбен сабақ қалай болады екен деп. Жалпы маған қатты ұнайды бұл топ. Сондықтан, осы топқа кіруге асықтым. Түске дейін сабақтамын. Түскен кейін шығармашылықпен айналысамын.
Жаңа құраммен жасақталған «BN» тобы, жақын күндері кезекті клиптің түсірілім жұмыстарына кірісуге бел буып отыр.