Ал, ресейлік сәнқой Ирина Шейк Барселона қаласында қалыңдық көйлегін таңдап жүр. Сонда, Victoria’s Secret періштесі жақын арада сүйіктісінің етегінен ұстап, отау құрмақ па? Бұл сұрақтың жауабын, тілшіміз біліп көрген еді.
Ирина Шейк пен Брэдли Купердің той күнін күтіп, сыртынан тон пішкендердің қарасы көп. Ғашығынан нәресте сүйсе де, сәнбике қуанышты хабарын жұртқа жариялауға әлі асықпайды. Есесіне, Ира болашақ қалыңдықтарға әсем көйлек таңдауда өз кеңесін аямақ емес.
Әйгілі ару Барселона қаласында Pronovias сән үйінің той көйлектері көрсетіліміне қатысып, әдемі болудың өз құпиясымен бөлісті.
Ирина Шейк, сәнқой:
-Жас қыздарға айтарым, сән қуудың қажеті жоқ. Тек жан дүниенің сұлу болу керектігін ұмытпағанымыз жөн.
Әйгілі брендтің үлгілерін таныстыру мәртебесі бұйырған Шейк, сондай-ақ той көйлектерін таңдауда аса бас қатырмауға шақырды.
Ирина Шейк, сәнқой:
-Бір-ақ рет өмір сүреміз. Сондықтан, әрбір әйел өз-өзін жақсы көруі тиіс. Көйлектің өлшемі қандай болтыны маңызды емес. Не ұнаса, соны киген жөн.
Ал, ресейлік сәнқойдың айтқандары болашақта өзінің де керегіне жарар деп үміттенеміз.