Дәл бүгін барша иглз, әлеуметтік желіде өз құттықтауларын жаудыруда. Ерболат Беделханның жары, Асыл 35 жасқа толып отыр. Өнерпаз бикештің ең жарқын сәттерін еске түсіріп көрейік...
Асылды, қалың көрермен алғаш «Дауыс international» тобы арқылы біле бастады. 2002 жылы еліміздің ең танымал гелзбендінің құрамына кірген ару, небәрі 19 жаста еді.
Әсем әндерді шырқап, талай бейнебаян таспаланған «Дауыс international» өз дәуірінде тасы өрге домалаған гелзбендтердің бірі еді. Алайда, Асыл кейіннен өз себептерімен ұжымнан кетуді ұйғарады. Араға уақыт салып, ол жеке орындаушы ретінде бағын сынап көрмек те болады.
Кейіннен өнерпаз, еліміздегі байқаулардың бірінде төбе көрсетіп жанкүйерлердің таңданысын тудырған еді. Өйткені, Асылды сол конкурсқа қатысады деп тыңдармандары ғана емес, әділқазылар тобы да еш күтпеген.
Ал, бүгінде Асылды - қалың көпшілік Ерболат Беделханның аяулы жары, әрі арқа сүйер қолдаушысы ретінде жақсы таниды.
«Найнти уанның» басшысы атанған Ерболат та, жұбайынан қолдан келген көмегін аямақ емес. Мәселен, Асыл Беделханның өзі бүгінде продюсер атанып, оқытушылар тәрбиелеп отырған жайы бар.
Асыл Беделхан, «Juz Academy» директоры:
–Ай сайын Ерболат Беделханның өзі келіп, оқушылардың өскен деңгейін, олардың қабілеттері қаншалықты өсіп жатыр, мамандарымыздың берген сабақтарын бойларына сіңіре алды... Соны бақылап жүреді.
Ал, жуық арада Асыл Беделхан жаңа гелзбендке продюсер атанбақ. Ол басқаратын ұжым да «Дауыс international» сияқты елге елеулі болар деген үміттеміз! Және туған күнің құтты болсын дейміз!