Фариза Сұлтан мен Динара Сәтжанның араздығына нүкте қойылғандай! Осыдан бірнеше ай бұрын танымал тележүргізуші жас дизайнерді сотқа беретіндігін айтқан еді.
Даудың басы, Фаризаның әлеуметтік желіде Сәтжанның, өзіне қоқан-лоқы көрсетті деген айыптауларынан басталған. Бұл сөздерді көтере алмаған, Динара мен де үнсіз қалмаймын деген еді. Алайда, шулы оқиға мәмілеге келумен аяқталғандай.
Фариза Сұлтан, сәнгер:
-Ол кісінің әрине өз бизнесі бар. Өзінің бизнесінде әрине қожайын. Мен ол кісінің бизнесіне қол сұқпаймын. Бірақ, менің жеке пікірім бар және менің жеке бизнесім бар.
Жас дизайнердің сөзіне сенсек, танымал тележүргізуші істі сотқа жеткізбеген.
Фариза Сұлтан, сәнгер:
-Ол сотқа берсе, бүкіл Қазақстанды берсін сотқа. Өйткені, мен емес көптеген адамдар қарсы пікірлерін білдірген болатын.