Фильмді таспалау оңай шаруа емес! Мұндай тұжырымға отандық киногерлер бірауыздан келісетіндей. Мәселен, Гүлзира Айдарбекованың «Арман» туындысы, қаржының жеткіліксіздігінен бірнеше жыл кейінге шегерілген көрінеді. Бұл туралы продюсердің келіні тілшімізге айтып берді.
Қайрат Нұртастың жарын жарық жұлдызға айналдырған «Арман» фильмін, көрермен қауым сәтті шыққан туындылардың қатарына қосып жүр. Алайда, Әбдікәрімованың өзі лентаның ойдағыдай болуы үшін, талай қиындықты еңсеруге тура келгенін айтады.
Жұлдыз Әбдікәрімова, актриса:
-Қаншама бұл фильмді түсірер кезде көп тосқауылдар болды. Көп қиындықтар болды. Бұл киноны басында түсірер кезде біресе қаражат болмады, біресе тағы отбасымыздың жағдайына байланысты болмай қалды кино. Сөйтіп, екі жылдай жүріп қалдық.
Дегенмен, қаржы мәселесі мен таспалау жұмыстарынан гөрі, Гүлзира Айдарбекованы көрерменнің бұл картинаға берер бағасы көбірек алаңдатқан.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Халық көп тосты, көп күтті. Солардың алдында абыройлы болам ба, жоқ па. Соның барлығы менің түн ұйқымды төрт бөлді.
Отандық ленталарда төбе көрсетіп жүрген Динара Бақытабева да, кинодағы қиындықтардың көп екенін жасырмайды. Бітпейтін түсірілімдер, ең мықты актерлердің өзін қажытып жіберетін көрінеді.
Динара Бақтыбаева, актриса:
-Сьемкаға бармай, ұйықтап қалған кезім болған. Сол кезде көлік жүргізушісі, мені түсірілім алаңына алып кету үшін, оята алмай біраз әбігерге түскен. Көзімді ашсам жүргізуші үйімде жүр. Сондай қызықтар орын алған.
Динара сынды өнерпаздар кешіккен жағдайда, режиссер Жеңісхан Момышев уақытты текке өлтірмеудің тәсілін тапқан. Түсірілім кезіндегі сан-алуан келеңсіздіктерге оның еті әбден үйренген.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
-Актриса болсын, біреу өз уақытыснда келмей жатса, сол уақытта екінші режиссер бар, сонымен екеуіміз дайындалып басқа кісіні түсіріп жібереміз. Ұрысқанмен не пайда, көңілді жалғастырып ары қарай түсіріп жібереміз.