Алуа Қонарова ашуына тиген бейтаныс жігітті қалай жазалады?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осы уақытқа дейін жұлдыздардың тек салмақты бет-бейнесін көрсетсек, енді кадрдан тыс және сахна сыртындағы қызықтарына қанық боласыз. Мәселен, Алуа Қонарованың сұхбатына кедергі келтірсеңіз, продюсердің қалай жазалайтынын білгіңіз келе ме? Дәл қазір көріңіз!

Алғашқыда Алуаның көңіл-күйі тым жақсы еді. «Сиситай» картинасының тұсаукесеріне келген продюсер, бұл күні бәскелесі Баянмен татуласып, барлығы ойдағыдай өтіп жатқан. Аталмыш фильм жайлы лебізін білдіргісі келген сәтте, ту сыртында бейтаныс жігіттің гу-гу әңгімесі Қонарованың  қытығына тиді.    

Алуа Қонарова, продюсер:

-И в вообщем тут как бы состав... Чуть-чуть по тише можно?

Иә, мұндай жағдайлар шоу-бизнес өкілдерінің өмірінде жиі болып тұрады. Сәтсіз сұхбаттың келесі кейіпкері «Ринголық» Данияр Өтеген. 

Данияр Өтеген, «Rin'Go» тобының әншісі:

-Жаңа шығарылымы болса, менің ойымша жақсы бір жұмыс болатын сияқты...

Танымалдардың барлығы бірдей сабырлы емес! Егер, түсірілім кезінде Қайрат Нұртастың анасына кедергі келтірсеңіз, жақсылап тұрып ұрыс естіп аласыз.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

-Сендер мына жақта түсірілім болып жатқанын көріп тұрсыңдар ғой, иә?! Неғып дарылдап жатырсыңдар? Сөйлей алмай қалдық қой, ұмытып...

Таяуда болған тағы бір қызық! «2017 жылғы Қазақ аруы» Нұргүл Асанованың, биылғы жеңімпазды мақтай бастағаны сол еді, кадрға қымсынбай кірген 

Аша Матай көйлегін жарнамалай жөнелді.

Нұргүл Асанова, «Қазақ аруы – 2017» байқауының жеңімпазы:

- Домбырасымен сахнаға шыққан Нәбира атты сіңілім...

Сан-алуан жұлдызды сұхбаттардың қызықты сәттері мұнымен таусылмақ емес!  Сіз ұнатсаңыз, біз көрсетеміз!