Өткен жылы шаңырақ көтерген Рүстем Жүгінісовтің жанұясында жағымды жаңалық. Әнші жігіт әке атанды.
Рүстем Жүгінісов, әнші:
-Кішкентайлы болғанда кезде жауапкершілігі екі еселенетін шығар. Екі есе болмаса, 10 есе болатын шығар деп ойлаймын өзім негізі. Қасымдағы үйленген достарым айтып жатады, үйленген былай тұрсын, ертең балаң болғанда мүлдем басқа әсер аласың деп. Енді, Алла бұйыртса сол күтіп жүрміз енді.
Тұңғыш рет әке атанатынын естігенде, Рүстем сүйіншіні бірінші болып бізден сұрап, сұхбаты берген еді. Енді бұл жұптың қуанышы еселеніп, жас әншіге жұбайы Айжан кішкентай ханшайым сыйлады. Түнгі сағат 2-де дүниеге келген нәрестенің бойы 51 сантиметр болса, салмағы 3 жарым келі. Ана мен сәбидің денсаулығы жақсы, дәл қазір бөбекке есім таңдау үстінде екен! «Ревюньюс» балақайдың бауы берік болсын дейді!