Неге, Әли - Оқапов, Мәди – Рымбаев? Екі түрлі текті еншілеген Халық әртісінің қос ұлына, бұл сұрақ жиі жолданады екен. Осы уақытқа дейін мұның себебін сыр қылып сақтап келген Роза ханымның тұңғышы, бұл жолы барлық құпияны ашуға әзір.
Әли өмірінде үш рет фамилиясын ауыстырыпты. Алғашқысы Оқапов, екінші тегі Тасқынұлы, кейін әкесі бақилық болған сәтте құжатын Рымбаевқа өзгерткен.
Әли Оқапов, әнші:
- Саған көмек болады, мен әрқашан жаныңда жүрмеймін дегендей анам сондай шешім қабылады. Енді, қиын замандардың бәрі өтіп кеткен сияқты. Сондықтан, мен өз фамилиямды қайтып алсам, қарсы емессің бе дегендей ой жеткіздім. Әрине анам қарсы болған жоқ.
Ал, төлқұжатына анасының тегін жазған Мәдидің таңдауын ағасы былайша түсіндіреді.
Әли Оқапов, әнші:
- Мен Рымбаев болған кезде Мәди де дүниеге келді. Сондықтан Мәди де автоматты түрде Рымбаев болып кетті бірден. Бізде күткенбіз мүмкін 16 жасында ол да ауыстыра ма дегендей. Өзі шешсін деп... Бірақ...
Бірақ Роза ханымның кенжесі фамилиясын ауыстырмады! Мәди бүгінде Рымбаев тегімен тыңдарманына танымал.
«Мунлайт» тобындағы Еркехан мен Азамат та бір ата-анадан туған. Бірақ, үлкенінің тегі Қабылов, кішісі Абдолдаев.
Еркехан Абдолдаев, «Moonlight» тобының әншісі:
- Өйткені, ағамның тегі ол менің атамның атасының атына қойылған. Қабыл болған. Ал, менің тегім ол менің атамның атына қойылған. Абдолда деген. Сол себепті менікі Абдолдаев, ағамдікі Қабылов.
«Ринголық» Батыр Байназаров пен мен «Рензолық» Асқар Ахмет те ағайынды. Екеуінің тегінің бөлек болуының хикаясы «Мунлайттық» музыканттарға ұқсас. Бірақ, әкесі кенже ұлынікін басқаша жаздырып жіберген.
Батыр Байназаров, «Rin'Go» тобының әншісі:
- Туу туралы куәлігін алған әкеміз. Мамамыссыз барған. Ойына солай келген, білмеймін. Байназаров емес, осылай Ахмет болсын деп. Сөйтіп жазып келген екен. Мамам біраз ашуланды. Енді балаларымыздың фамилиясы әртүрлі болады деп.
Сондай-ақ, боз кілемде атой салған Ұлан мен Руслан да бауырлар! Палуандардың үлкен аталары Әбдіразақ болғанымен, негізі қос спортшы Рысқұл ақсақалдың тікелей немелері екен.