Өткен жылы Сандамен қоштасып, Жанар Дәукеева есімді әншіні қол астында алған Эрик Тастембеков, жаңа жобасының алғашқы клипін жарыққа шығарды.
Бір жыл бойы дайындалған клип махаббат жайында. Продюсер бұл бейнебаян арқылы, көпшілікке жас әншіні жақынырақ таныстыруды көздесе керек. Жаңа видеоның желісінде белгілі бір оқиға суреттелмеген. Бір-бірімен аймаласқан қос ғашық, бақытты күндерін елестетумен ғана шектеледі.