Баян «Кешьюдің» өткен өмірін киноға айналдырмақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңашылдыққа жаны құмар Баян Мақсатқызы, жуырда тағы бір жобаны қолға алмақ ниетте. Продюсердің кезекті картинасы өзі жетекшілік ететін «Кешью» тобы туралы болмақ. Ал, атышулы ұжымның өткен өмірін баяндайтын фильмнің сюжеті қалай өрбиді? Алагөзованың туындысына гелзбендтің экс-мүшелері түсе ме?

Баян Алагөзова, продюсер:

- Әрине, қазіргі құрамдағы қыздар да, бұрын «Кешьюде» өнер көрсеткен әншілердің барлығы да болады. Бірақ, олармен әлі келіскен жоқпын. Кім біледі? Бас тартуы да мүмкін ғой.

Баян «Кешьюдің» тарихын суреттейтін туынды, мюзикл жанрында болады деп жоспарлап отыр. Өйткені, топтан қаншама талантты қыздар түлеп ұшты. Мәселен, Мөлдір Әуелбекова үшін бұл гелбзендтің орны ерек. Егер Алагөзованың тарапынан ұсыныс түссе, жаңа жобада бой көрсетуі бек мүмкін.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

- Сол мезетте мүмкін шешерміз... Өйткені бұл жоба мен үшін өте маңызды жобалардың бірі. Бұл орталық мен үшін өте маңызды. Қанша сұхбаттарда айтылып жатыр оның бәрі. Көрсетіліп жатыр. Сол себепті мен қатты қуаныштымын.

Алагөзованың айтуынша, «Кешьюдің» байопигі шынайы өмірдегі оқиғалардан құралады. Қыздардың топтағы өзара қарым-қатынасы мен сахна сыртындағы тыныс-тіршілігі кинотуындының тұздығы болмақ.

Айдана Меденова, әнші:

- Менің де жұмыс істеген кезімде неше түрлі гастрөлдер болды. Гастольдерде де неше түрлі қызық оқиғалар болды. Менің ойымша түсіруге дайын материал көп. Сондықтан мен дайынмын.

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының әншісі:

- «Кешьюдің» өмірбаяны негізі қызық болған ғой. 12 жылда не болмаған мысалы. Сахнаның ар жағында болатын дайындық, қобалжу, сахнаның сыртындағы өмір өзгеше, қызығырақ...

Продюсер бүгінде аталмыш картинаға режиссер таңдап, сценарийді пысықтау үстінде екен. Түсірілім жұмыстары биыл басталмақ.