Меган Маркл патшайым енесімен ел алдына алғаш шықты

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазір Ұлыбритания жұртшылығы Меган Марклды қызу талқыға алуда. Патша әулетінің келіні атанған ару, ең алғаш үлкен енесі Елизавета ІІ-шімен бірге көпшілік алдында төбе көрсетті.

Ақсүйектер жанұясы ұлттар достастығы күніне орай, ВестмИнстер абаттығына жиналған болатын. Меган Марклдан өзге, патшайымның жанынан әулеттің мұрагерлері мен олардың әйелдері табылды.

Маңызды кездесуге Меган ару үлкен ыждахаттылықпен дайындалған көрінеді. Ақ түсті бас киім мен пальтоға таңдау түсірген ол, бұл жолы патша әулетінің арнайы ережесін бұзбаған.