Голливудтық жұлдыздарда жаппай ажырасу науқаны!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Мынау саған, мынау маған!» Дженифер Энистон мен Джастин Теру дүние-мүліктеріне осылай таласып жатыр. Экс-ғашықтар бар тапқандарын енді бөлісе алмай, әуре-сарсаңға түскен. Олар ажырасқаннан кейін бір-бірін жаудай көретін болған деседі.

Әдетте ажырасқан екі тарап: үй, көлік не ақшаны таласқа салып, қырық пышақ болып жатады. Дженифер Энистон мен Джастин Теруды да бұл нәубет айналып өтпеді. Айырылысқандарына көп болмаған олар, енді дүние-мүлікті емес, үй жануарларын да бөліске салған. Долли, Клайд, Софи есімді төбеттердің әлі кіммен бірге тұратыны беймәлім.

Ал, Роуз Лесли күйеужігітін үйден қуып шыққан. Актрисаның айтуынша, Кит Харингтон «Игры престолов» фильмінің сценарийін үйде дауыстап оқитын көрінеді. Актер кинотуындының сегізінші бөлімінде басты рөлді сомдамақ, ал Роуз осы кинокартинаның жанкүйері болғандықтан, алдын-ала сюжеттерін біліп қоймас үшін, күйеуіне уақытша басқа жерде тұруын өтінген. Актриса, елден бұрын сюжеттен құлағдар болып, қызықтан құр қалғым келмейді дейді.

Джеймс Франкоға тағылып жатқан айыппен келіспейтініне қатысты, Шэрон Стоун желіде жазбасымен бөлісті. «Джеймс нағыз маман, жақсы дос, өте ақкөңіл жан. Бұған дейін оны пайдаланып келгендер, енді қаралауға кіріскені өте өкінішті» деді актриса. Актерге «фильмнің сценарийін ұрлады және актрисаларға сексуалды қысым көрсетті» деген кінә артылған болатын. Нәтижесінде, Джеймс «Оскар» марапатынан шеттетілген еді.